Біздің компания сақтандыру бойынша қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Біз бізден сатып алынған лизинг заттарына (автокөлік, жабдық және т.б.), полис рәсімдеуді, сондай-ақ сіздің корпоративтік автопаркіңізді, компания қызметкерлерінің жеке автокөліктерін сақтандыруды, қызметкерлерді ерікті медициналық сақтандыруды және т.б. ұсынамыз.
Жетекші сақтандыру компанияларымен арадағы әріптестік бағдарламалардың арқасында біз ең төменгі тарифтер мен барынша тиімді шарттарды ұсынамыз, Біз өз міндеттемелерін нақты орындайтын сенімді сақтандыру компанияларымен ғана ынтымақтастық құрамыз және полисті рәсімдеудің ең оңтайлы нұсқасын таңдауда жәрдемдесеміз.. ., ., ..
Бұдан басқа, біз өз клиенттерімізге тағы бір ұсыныс жасаймыз – енді біз тек лизинг нысанасын ғана емес, сондай-ақ оны сақтандыруды да қаржыландырамыз. Біз клиенттің қалауы бойынша кез келген автокөлікке арналған лизингтік төлемдер кестесіне сақтандыру құнын енгізуді ұсынуға дайынбыз.
Біз клиенттеріміз тұрақсыз экономикалық жағдай кезінде айналымнан барынша аз қаражат алуға ұмтылатынын түсінеміз, сондықтан біз өз клиенттерімізге түсіністікпен қарап, осындай қызметті ұсынамыз. Барлық құжаттарды тікелей біздің кеңседе рәсімдеу мүмкіндігі қосымша артықшылық болып табылады, ол үшін сақтандыру компаниясының кеңсесіне арнайы барудың қажет емес, бұл Сіздің уақытыңызды айтарлықтай үнемдейді. Сақтандыру жөніндегі барлық құжаттар лизинг шартымен бір уақытта рәсімделуі мүмкін..

